Оңтүстікте тіл заңының орындалуын қадағалау күшейеді

Оңтүстікте тіл заңының орындалуын қадағалау күшейеді

Шымкент қаласындағы 23 көшеде 2300 жарнама бар болса, оның 500-ге жуығында тіл туралы заң сақталмаған. Осы орайда 249 жарнамаға қатысты кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, қалған 241 азаматтың құжаты тілдерді дамыту және құжаттама басқармасына жолданған.  Олардың қатарында ұсақ коммерциялық нысандарды айтпағанда арнайы ескерту алған «Оңтүстік-цирк», Түркістан сарайы сынды мекемелер де бар.

Оңтүстікте тіл заңының орындалуын қадағалау күшейеді

 

Сонымен қатар шаһарымызда көше атауы да толықтай дұрыс көрсетілмей келеді. Ал қоғамдық көліктерде көшелердің ескі атауы әлі күнге дейін қолданыстан түспей келеді. Бұл туралы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жұлдызды 25 күн акциясы аясында өткізілген басқосуда айтылды.

Оңтүстікте тіл заңының орындалуын қадағалау күшейеді

 

Сәулет және құрылыс, жолаушылар көлігі бөлімдерінің мамандары мен жарнамалық агенттіктер, кәсіпкерлер палатасының өкілдері жиналған шарада қоғамдық орындар мен көліктердегі тіл мәдениеті талқыланды. Мәдениет жіне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы заңғы қайшы әрекет еткендерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз дейді.

Сәкен Әбжаппаров, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі: «Бүгінгі басқосуда қоғамдық орындарда, көшелерде, қоғамдық көліктерде тілдің шұбалаңқы болып кеткені туралы кеңінен талқыланып жатыр. Көрілген бірқатар шаралар да бар. Ал кемшіліктер 6 айдың ішінде түзелмесе, облыстық немесе Алматы, Астана қалаларының әкімдіктегілері 10 АЕК бойынша айыппұл сала алады. Ал біздің міндетіміз — кәсіпкерлерге тек түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ескерту, қателіктерге бой алдыртпау. Бұл ретте жарнама агенттіктерінің өкілдері мен кәсіпкерлер тіл туралы заң аясында қандай да бір сұрақтары болса тілдерді дамыту орталығына келіп, тегін ақпарат алуға және аударма жұмыстары бойынша кеңес алуына болады».

Мамандар, сонымен қатар, қоғамдық көліктердегі кемшіліктерді жою мақсатында, автопарк иелеріне арнайы хат жазып, тіл туралы заңның толық орындалуын, көше атауларының қазақша аталуын  талап ететін боламыз дейді.