Облыс әкімі Қазығұрт ауданында болды

409
Облыс әкімі Қазығұрт ауданында болды

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс іс-сапарын Қазығұрт ауданында жалғастырды. Өңір басшысы мұнда бірнеше кәсіпорындарды аралап, жергілікті іскер азаматтарға бизнестік қолдау бойынша жолдарды қарастырды.

Облыс әкімі Қазығұрт ауданында болды

«Амангелді» ЖШС 10 жылдан бері бау-бақша өнімдерін экспорттаумен айналысады. Бұл үшін серіктестіктің 450 гектар алқабы бар. Мұнда алма, алмұрт, алхоры сынды жеміс-жидек егілген. Бақшадағы дақылдың барлығы тамшылатып суару әдісімен өсіріледі. Бір сөзбен айтқанда, шаруа қожалығы өз кәсібін дамыта отырып, қазіргі стандартқа сай жұмыс істейді.

Бау-бақша өнімдері шаруа қожалығына қарасты 2 мың тонналық қоймада сақталады. Облыс әкімі мұндағы жеміс-жидектерден дәм татып, тәнті болды.

Серіктестік тауарларды еліміздің өзге де аймақтарына және алыс-жақын шет мемлекеттерге тасымалдайды. Алдағы уақытта шаруашылық басшылығы егін көлемін кеңейтіп, экспорт көлемін арттыруды көздейді.