Облыстық сотта – жаңа тағайындаулар

263

Бүгін Оңтүстіктегі сот құрамы өзгеріп, облыстық сотта бірқатар жаңа тағайындаулар болды. Елбасы жарлығымен бірнеше аудандық соттың төралары тайындалды.

Нақты айтқанда Созақ, Шардара, Мақтаарал аудандық және Түркістан қалалық соттарының жаңа төрағалары таныстырылды.

Ал судья Ақылбек Елшібаев отставкаға кетті. Ол осыған дейін Абай аудандық сотында және қылмысты істер жөніндегі азаматтық алқада төрағалық еткен еді. Соңғы жылдары облыстық сотта судья болып қызмет атқарды.