Ордабасының дәрігерлері жүкті әйелдерге ерекше сый жасады

309
Ордабасының дәрігерлері жүкті әйелдерге ерекше сый жасады

Темірландық дәрігерлер аяғы ауыр келіншектерді арнайы жинап, құрмет көрсетті. Ақ халаттылар құрсағында сәби көтеріп жүрген азаматшалардың бір сәт көңілін көтеріп, думанды отырыс ұйымдастарды. Ананың көңілі жайдары болса, құрсақтағы сәбидің дамуына ерекше әсер етеді дейді дәрігерлер. Сондықтан мамандар кеш барысында шприцтерін гитараға ауыстырып, аналармен бірге ән шырқады.

Ордабасының дәрігерлері жүкті әйелдерге ерекше сый жасады

Мерекелік жиынға келген азаматшалар — тәуелсіздік мерекесі қарсаңында босанатын жүкті әйелдер. Темірландық дәрігелер бұл болашақ аналарды арнайы шақырып отыр. Мұндағы мақсат — әрі тәуелсіздіккке тарту, әрі аяғы ауыр әйелдерге ерекше көңіл-күй сыйлау.Ал кеш соңында мерекелік жиынның қонақтарына түрлі сыйлықтар берілді.

Айта кетейік, мұндай акция Оңтүстікте алғаш рет Ордабасы ауданында өткізіліп отыр. Тәуелсіздік мерекесі аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар басқа қала-аудандарда да жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.