Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Халықтың саны бүгінде 324 мың адамға жеткен ауданда қай саланы алса да ілгерілеушілік бар дейді әкім.
Дегенмен, шешімін таппаған мәселелер де жетерлік. Ол — ауызсу және суармалы судың тапшылығы. Осыған қарамастан әкім аграрлы ауданда жүзім шаруашылығын дамытудың тиімді жобалары өз жемісін бергенін мақтанышпен хабарлады.
Суға қатысты күрделіктерді шешу мақсатында аудан әкімдігі жекеге өткен каналдарды коммуналдық меншікке өткізу жұмысын қолға алған. Және жерасты суларын зерттеу арқылы тұрғылықты халықты таза сумен қамту да қарастырылыпты. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында ауданда 54 мектеп салынған. Жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тағы бірнеше мектеп пайдалануға берілмек.