Оңтүстікте ірі көлемдегі алтын контрабандасының жолы кесілді. Шымкент әуежайында Түркиядан Қазақстанға жеткізілген 29 келіге жуық алтын бұйымдары табылып, тәркіленді. Бұл туралы қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі хабарлайды.
«Экономикалық тергеу қызметкерлері тәркіліген алтын әшекейдің саны — 13 мың 164. Салмағы 29 келіге жуық бйұымның бағасы 1 млн 400 мың АҚШ доллары немесе 430 миллион теңгеге жуық» деп мәлімдеді Мұрат Жұманбай.
Қазір айыптылардың мүлкі тәркіленіп, өздері 1000 айлық-есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төледі. Ал алтын мемлекет пайдасына тәркіленген.