Шымкентте жылудың жаңа тарифі бекітілді. Айта кету керек, баға бәрібір қымбаттағалы отыр. Дегенмен, жылу енді бұрынғыдай 30 пайызға емес, 18 пайызға қымбаттайды. Жылу берушілер осылай дейді.
Еске салайық, жылудың бағасы қымбаттайтынын бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Таяуда өткен қоғамдық тыңдауда «Қуат жылу орталығы-3» мекемесі монополияға қарсы комитеттен жылудың бағасын қымбаттатып, әр шаршы метрге 139 теңге етіп бекітуде сұраған еді.
Осы арада Шымкенттегі заңды тұлғалар өткен маусымда тұтынған жылудың ақысын толық төледі. «Қуат жылу орталығы- 3» мекемесінің берген мәліметі осындай. Ал көп қабатты үй тұрғындарының қарызы 53 млн теңгені құрап отыр.
Жылу берушілер осы берешекті өтеп алу бағытында қолға алынған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады дейді. Осы күнге дейін 182 млн теңге қарызы бар 9 мың абоненттің ісі сотқа жолданған. Айта кететін жайт, мекемеде тұтынған жылудың ақшасын төлеуден жалтарғандардың базасы жасалыпты.