Облыс әкімдігі жанындағы тұрақтандыру қорының азық-түлігі бұрынғыдай базарлар мен сауда орындарында емес, демалыс күндері ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде сатылады. Әлеуметтік тауарлар осы сенбіден бастап Мәделі қожа көшесі бойындағы стадионның жанында сатылуға шығады.
Сондай-ақ, тұрақтандыру қорының өнімдері жексенбі күні Арғынбеков көшесінің бойындағы «Рахима Плаза» сауда орталығының алдында сатылады. Ал облыстың тұрғындарының әлеуметтік бағадағы өнімдерді аудан орталықтарында ұйымдастырылатын жәрмеңкелерінде сатып алуға мүмкіндіктері бар.