Шымкенттіктердің еңбектері еленді. Арасында коммуналды сала қызметкерлері де бар. Бүгін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қала әкімі Ғабидолла Рахматұллаұлы Шымшаһардың 25 тұрғынына мемлекеттік наградаларын табыстады.
Марапатқа еңбек ардагерлері, әлеуметтік орталық пен мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер мен мұғалімдер ие болды. Сондай-ақ, бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасының «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалін тақты. Ақын-жазушылар да назардан тыс қалмай, құрметке бөленді
Сонымен қатар, 57 адам мерейтойлық медальға ие болса, үшеуі алғыс хат, 12 тұрғын қаланың дамуына сүбелі үлесін қосқаны үшін төсбелгісімен марапатталды.