Оңтүстіктің жомарт жандары Елеуовтар отбасын құттықтап барды. Жалпы, биылғы 2016 жыл бұл жанұя үшін есте қаларлықтай. Өйткені, көпбалалы отбасы көпшіліктің қолдауымен баспаналы болды. Бес баланың үшеуі сал ауруына шалдыққан жанұя төрт бөлмелі пәтер алуға қолдау көрсеткен астаналық азаматшаға, көмек қолын созған барша қазақстандықтарға алғыс айтып отыр. Таяуда осы отбасы жаңа жыл мерекесін атап өтті.
Жаңа жыл қарсаңында жаны жомарт азаматтар көп балалы жанұясында қонақта болды. Еңбекші ауданы әкімдігінің өкілдері мен Елбасы ашқан «Әлем БТ» серіктестігінің ұжымы осы отбасының балаларына сыйлықтарын жеткізіп, жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Тосын сыйға риза болған Жұлдыз бен Нұрсәуле балбақшада үйренген жаңа жылдық тақпақтарын айтып, қонақтарын қуантты.
Биылғы 2016 жыл Елеуовтар отбасы үшін есте қалатындай болды. Өйткені, көпбалалы отбасы көпшіліктің қолдауымен баспаналы болды. Бес баланың үшеуі сал ауруына шалдыққан жанұя төрт бөлмелі пәтер алуға қолдау көрсеткен астаналық азаматшаға, көмек қолын созған барша қазақстандықтарға алғыс айтып отыр. Ұлдарының қатарынан қалмай дәріс алуына №63 мектептің ұжымы атсалысуда.
Мерекелік дастархан басында жиналған ақ жаулықты аналар Елеуовтер отбасына, оларға үнемі қолдау көрсеткен абзал жандарға батасын беріп, тілектерін жаудырды.