Көктайғақтан майып болғандар көбейді. Шымкентте соңғы үш күннің ішінде бір ғана жарақат бөліміне аяқ-қолын шығарып, сындырып алған 70-ке жуық адам келіп түскен.
Олардың барлығына медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер мұндай оқиғалардың жиілеуін көктайғақпен байланыстырады. Сондықтан көшеде жүрерде абайлап, мейлінше сақ болған жөн деп ескертеді.
Айта кету керек, қаладағы жарақат бөлімдері тәулік бойы жұмыс істейді. Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері тағы да қар жауады деп күтілуде. Бұл дегеніміз — көктайғақ қайталануы мүмкін. Сондықтан, мұзда жүргенде абай болыңыздар.