Түркістан қаласындағы тарихи-этнографиялық мұражайда Президент күніне арналған көрме ашылды. Мұнда Елбасының Түркістан және Қазақстанның өркендеуі жолдары жазылған туындылары қойылған. Мұражайдағы экспонаттар Президентпен кездесу барысында жасалған фотосуреттер мен өзге жәдігерлермен толығып отыр.
«Қазақстанның рухани орталығы — Түркістан» деген Елбасының пікірін негізге ала отырып 2011 жылы ашылған «Тарихи-мәдени этнографиялық орталық» болашақта Түркістан тарихын зерделейтін ғылыми-зерттеу орталығына айналмақ.
Мұражайдың негізгі мақсаты — халықты Түркістанның рухани өмірінен, тарихынан хабардар етіп, оның ел мәдениетінде алар орнын, маңызын орталықтағы тарихи жәдігерлер жинағы арқылы көрсету. Мұндағы жәдігерлер сатып алу, сый немесе мұра ретінде қабылданған заттар есебінен, археологиялық экспедициялардың нәтижесінде толықтырылып отырады.