Базардағы баға құбылып тұр

256
Базардағы баға құбылып тұр

Шымкентте кей азық-түліктің бағасы біршама арзандады. Халық көп тұтынатын тауарлардың бағасы жаңа жылдың қарсаңында шарықтап кеткен болатын. Ал салаға жауапты мамандар мереке кезіндегі қымбатшылық қолдан жасалған, алыпсатарлар мен саудагерлер қарбаласты пайдаланып, нарықта бағаны көтеріп жібереді дейді.

Базардағы баға құбылып тұр

Базардағы саудагерлердің әзірге қолы жүрмей тұр. Есесіне бірқатар азық-түліктердің бағасы төмендепті. Мәселен, осыдан бір апта бұрын қанттың бағасы әр келіге 270 теңгеден саудаланса, қазір 230 теңгеге арзандаған.Бірақ, өткен жылмен салыстырғанда жұмыртқа мен картоп бағасы қымбаттаған.

Қазір жұмыртқаның бір данасы 30 пен 35 теңге аралығында. Ал, картоптың келісі 130теңгеден сатылуда. Дегенмен, азық-түлік нарығында бір қуантарлық жағдай — 2015 жылмен салыстырғанда еліміздегі тауар өндірушілердің, яғни отандық өнімнің үлесі артқан. Нәтижесіеде бірқатар азық-түліктің бағасы бұрынғы қалпында тұр.