Шымкентік бойжеткенді бопсалаған жігіт сотталды. Ол өзінің таныс қызының интим суреттерін ғаламторға жариялап жіберем деп қорқытқан, тіпті ірі көлемде теңге талап еткен. Енді қылмыскерге жаза тағайындалып, темір торға тоғытылып отыр. Үкімнің оқылуы мен бас бостандығынан айырылу мерзімін сот отырысына қатысып, тыңдап қайттық.
Айыпталушы жігіт бойжеткеннің интим суретін ғаламторға жариялап жіберемін деп бопсалап, ірі көлемде ақша талап еткен. Сот-тергеу барысында 30 жастағы азаматтың кінәсі толық дәлелденді. Ол соңғы сәтке дейін жеңіл жаза немесе шартты жазадан үмітті болып келген еді. Бірақ, қылмысы ауыр санатқа жататындықтан, қатаң жаза тағайындалды.
Дәурен Мадалиев, судья: «Айыпталушының жасаған қылмысы толық дәлелденіп, 194-бөлімнің 4-тармағы бойынша шартты түрде 7 жылға қатаң тәртіптегі түзету абақтысына қамалады.»
Үкім оқылысымен қылмыскер көз жасын тия-алмай соттан отбасына бас-көз болуын сұрады. Себебі жанұя асырушысы жалғыз өзі екен, бірақ судья бұл қадам оның құзырет-қызметіне енбейтінін айтты: «Сіз сот үкімінің көшірмесін аласымен, 15 күннің аппеляциялық сотқа қайта шағымдана аласыз.»
Еске салайық, өткен жылдың жазында 30 жастағы жігіт ғаламтор арқылы бір бойжеткенмен танысып, кездесе бастайды. Араға ай салып, өрімдей қыздың жалаңаш түскен суреттерін интернетке жариялаймын деп бопсалауға көшкен. 10 миллион теңге бермеген жағдайда, масқаралайтынын айтады. Ал жәбірленуші болған жайтты жергілікті полицияға айтып, шағынады. Соңынан қыркүйек айында жас жігіт тәртіп сақшыларының қолына түсті. Құзырлы орган қызметкерлерінің мәліметінше, нәзік жандыларды бопсалау мәселесі бүгінгі қоғамда жиі кездеседі.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы: «Ұйымдасқан қылмыстық топтың қадамын әшкерелеу басқармасына Шымкенттің 28 жастағы тұрғыны кеп арызданды. Айтуынша, әлеуметтік желі арқылы танысқан жас жігііт ірі көлемде қаржы талап етіп, бопсалаған. Себебі екеуі кездескен кезде азамат жәбірленушіні суретке түсіріп, соңынан фотоны монтаждаған екен. Енді 1,5 миллион теңге бермесе, оны желі арқылы жариялауға бекініпті. Бірақ, қылмыс анықталып, айыпталушы ақшаны алу кезінде қолға түсті.»
Осығай орай құқық қорғаушылар қоғамдағы қылмыстарды ескере отырып, қала тұрғындарын сақтыққа шақырып отыр.