Еңбекші ауданының әкімі есеп берді

733
Еңбекші ауданы әкімінің есебі басталды

Шымкентте әкімдердің халық алдында есебі жалғасуда. Бүгінгі кезек Еңбекші ауданына келді. Мұнда атқарылған жұмыстар туралы қорытындылаған Ғалымжан Ильясовтың есебіне қала әкімі де қатысты. Жиында әкімге оң баға да берілді, кемшіліктер де ашық айтылды. Аудан халқы өз аймағындағы атышулы Жаңашек каналын да еске салды.

Еңбекші ауданы әкімінің есебі басталды

Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Илясовтың халық алдында кезекті есебі Саттар Ерубаев атындағы №24 мектепте өтті. Кездесуге Шымкент қаласының әкімі қатысады дегенді естіген соң халық көп жиналды. Есепті жиынды бастаған аудан әкімінің баяндамасында барлық салалар қамтылғанын тұрғындар жарыссөзге шыққанда атап өтті. Осы ауданнан сайланған депутаттар әкімнің жұмысына оң баға беріп, назар аударатын мәселелерге тоқталды.

Сайлаушыларын арық-атыздарды тазалауға шақырған халық қалаулысы ауданды көріктендіру ортақ іс екенін атап өтті. Жиында ауданға жақында қосылған тұрғын алабтарының белсенділері де өз ұсыныстарын жеткізу мүмкіндігін қалт жібермеді.

Көтерілген мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысымен көпшілікті хабардар еткен қала әкімі есепті жиындағы сауалдар қараусыз қалмайтынын, хаттамаға түзіліп, шара көрілетініне уәде берді.

Жиында талқыланған мәселелерге қарағанда халықтың билікке сенімі артып келеді деуге болады. Халыққа өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға тырысқан әкімдерге апаларымыздың батасы да дайын болып шықты.