Күнгейде «Эдип патша» пьесасы сахналанды

1500

Өңіріміздегі өзбек театрында — премьера. Өнер ұжымы осыдан 26 ғасыр бұрынғы патшалықты, ондағы қатыгез қоғамның тыныс-тіршілігін көрерменнің назарына ұсынды. Тағдырдың жазуына көндігуді үгіттейтін қойылымды алғашқылардың бірі болып Otyrar.KZ сайтының редакциясы да тамашалап қайттық.

Күнгейде "Эдип патша" пьесасы сахналанды

Әйгілі драматург Софоклдің «Эдип патша» пьесасында суреттелген оқиға ежелгі Грекияның Фива қаласында өрбиді. Ел билеушісі, шаһар басшысы Лай мен зайыбы Иокаста дүниеге әмеңгер әкеледі. Бақсының болжамы бойынша дүниеге келген сәби ер жеткенде абайсызда өз әкесін өлтіріп, анасына үйленді.

Күнгейде "Эдип патша" пьесасы сахналанды

Күнгейде "Эдип патша" пьесасы сахналанды

Тағдырдың жазуынан қашып құтыла алмаған Эдип патша өз қателігін тағдырдың жазуы деп қабылдады. Жо-жоқ, қабылдай алған жоқ, қауқарсыздық танытты. Соңында білмей барған қадамы үшін өзін-өзі жазалады. Көзін ойып, көр соқыр болды. Өмірден баз кешті. Трагедиялық қойылымда кейіпкерді сомдау 7 жылдық тәжірибесі бар әртіске жүктелген.

Күнгейде "Эдип патша" пьесасы сахналанды
Жаблон Саидов

Жаблон Саидов, облыстық өзбек драма театрының әртісі: «Эдип патшаның бойындағы ішкі толқу, ішкі күдік, шындықты естігеннен кейінгі жағдайын, әсерін жылаумен емес, айқайлап емес, рухани күйзеліспен жеткізу мен үшін қиын болды. Тіпті дайындық кезінде, көшеде жүрсем де, үйге келсем де кейіпкерімнің күйін ойлаумен, ізденумен болдым. Мен бұл рөл арқылы өзіме әлі талай жігер, талай шыңдалу қажет екенін түсіндім».

Облыстық өзбек драма театры спектакльді сахналау үшін 1 ай уақытын жұмсаған. Премьералық еңбекті күнгейде алғаш болып 500-ге тарта көрермен тамашалады. Ал қос тарапқа қасірет шектірген шығарманы сахналау үшін мәдени мекеме белгілі режиссер, халықаралық Ш. Айтматов атындағы сыйлықтың иегері Қуандық Қасымовты арнайы шақырыпты.

Күнгейде "Эдип патша" пьесасы сахналанды

Күнгейде "Эдип патша" пьесасы сахналанды

Қуандық Қасымов,қоюшы-режиссер: «Сахнаны аз ғана декарация арқылы шешеміз деп суретшімен келіскеннен кейін, біз костюмдерге көп көңіл бөлдік. Сол заманның да, сол дәуірдің киімдерімен көрсетуге болатын еді, мен өзі Шығыстың стиліне, Шығыстың бағытына қарай алып келдім. Өйткені халыққа түсінікті болуы керек».