Мереке күндері Шымкентте жылуға қатысты қиындық болмады

331
Жылу борышкерлері сот алдында жауап беруі мүмкін

Жылу борышкерлері сот алдында жауап беруі мүмкінЖаңа жылдық мереке күндері «Қуат жылу орталық — 3» мекемесінің диспетчерлік қызметі тәулік бойы жұмыс жасады. Жауаптылар жылуға қатысты айтарлықтай күрделіктер болмады деп хабарлайды. Барлық қоңыраулар тіркеліп, тұрғындардың қажетінше арнайы бригадалар жіберілген. Бүгінде температуралық режим тұрақты дейді жылу берушілер. Оған сала мамандарының үйлесімді жұмысы негіз болған.

Кеңес Бастықов, аға диспетчер: «Осыған дейін «3-энергорталық» АҚ-ның газ шаруашылығына табиғи газ үшін қарыздары бар болатын. Сондықтан температуралық режимде қиындықтар болғаны рас. Берешекті өтеу бойынша шешім қабылданған соң бүгінде орталықтан шығатын жылудың температурасы 70-80  градусты құрап отыр.»

Мына көп қабатты үйдің тұрғындары алдыңғы жылу маусымында жылуға жарымайтын. Қиын-қыстау кезеңде жөнді алмаған жылуға төлеуден шаршаған тұтынушылар үйдегі тозығы жеткен жылу жүйелерін жаңалады. Нәтижесінде биылғы маусымда жылуды толық алып отыр.

Любовь Пяткова, тұрғын: «Жылу берушілерге үлкен рахмет. Жұмыстары оңай емес. Күн-түн демей, тәулік бойы кезекшілікте. Жаңа жылда жаңа табыстарға кенелсін. Пәтерлеріміз жылы болсын. Күрделіліктер туындамасын. Бір бірімізді құрметтейік.»

Жылу берушілер ескертеді — егер жылуға қатысты қандай да мәселе туындаса, 44-82-37 және 44-81-89 байланыс телеондары арқылы «Қуат жылу орталығы» мекемесінің диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады.