«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті

528
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті. Есептік-сайлау жиынына Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары — Бәйділдә Жылқышиев, Уәлихан Қайназаров, Бақытжан Ертаев, Мансұрхан Махамбетов, Берік Оспанов және Асылбек Смағұлов, ОҚО әкімі — «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаев, саяси кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, аудан, қалалардан сайланған делегаттар, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті

Конференцияда партияның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлімжан Құртаев баяндама жасап, партиялық бақылау, қоғамдық қабылдау және партиялық жобаларды жүзеге асыру бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарға есеп берді.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті

Мәжіліс бағдарламасына сәйкес, «Нұрлы жер» бағдарламасының жобасын талқылау бойынша облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Мерлан Керімжановтың баяндамасы тыңдалды. Тақырыпқа сай парламент мәжілісінің депутаты Мансұрхан Маханбетов, облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Шәріпбек Жамалбек, «Южный Казахстан» газетінің бас редакторы, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі Марина Лимаренко сөз сөйледi.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті

Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев партия активіне 2017 жылы атқарылатын жұмыстар бойынша бірқатар тапсырмалар беріп, Елбасының мемлекеттік бағдарламаларды орындау тапсырмасын бірлесе, мерзімді әрі сапалы орындауға шақырды.

Облыстың бүгінгі күнге дейін жетістіктерімен қатар, алдағы жоспарына да көңіл бөлген аймақ басшысы бүгінгі талқыға түскен тақырып, «Нұрлы жер» бағдарламасының ауқымды да маңызды бағдарлама екеніне баса назар аударып, оны халыққа түсіндіруде БАҚ өкілдерімен байланыс орнату қажеттігін айтты.

— Жақын күндері облыста «Шатқал» бағдарламасы жүзеге аса бастайды. Онда облыстағы негізгі деген оншақты сай-сала абаттандырылып, саябаққа айналдыру жұмыстары жүргізілмек. Сол сияқты, өңірдегі ең басты мәселе – халықтың қолайлы жағдайда өмір сүруі, бұқараның баспана, ауыз су сынды негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі десек, мұны Елбасының өзі жіті назарда ұстап, оның оңды орындалуын қадағалап отыр. Сондықтан, аталған «Нұрлы жер» бағдарламасына қосымша аймақтық деңгейде «Шатқал» сияқты бағдарлама түзіп, өз тарапымыздан салынған үйлерді қайта жөндеп, салу шеңберінде жұмыс істеуіміз қажет, — деді Жансейіт Түймебаев.

Басқосуда ұйымдастыру мәселесіне байланысты саяси кеңес және саяси кеңес бюросының құрамына өзгеріс енгізу мәселелері қаралып, жаңа құрам таныстырылды. Мәжіліс қорытындысы бойынша қаулы қабылданды.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті

Жиын соңында 2016 жылдың қорытындысымен облыстағы 328 бастауыш партия ұйымының үздік деп танылған 58 ұйымының жетекшілеріне «Нұр Отан» партиясы филиалы атынан сый-сияпат жасалды. Үздік бастауыш партия ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту, ынталандыру мақсатында заманға сай компьютерлер табысталды.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті