Оңтүстік тауарлары алғаш рет Қытай нарығына жол тартады

243
Оңтүстік тауарлары алғаш рет Қытай нарығына жол тартады

Оңтүстік тауарлары алғаш рет Қытай нарығына жол тартадыОңтүстік Қазақстан облысының тауарлары алғаш рет Қытай нарығына жол тартады. Өңірде шығарылатын тауарлар енді аспан асты елінде саудаланады. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері хабарлады.

Бейжіңде өтетін жәрмеңкеге өңірдің тауар өндірушілері 800 тонна ұн мен балық өнімдерін ұсынатын болады. Жергілікті өнімдер химиялық қоспасыз, табиғи таза.

Сондықтан шетелде сұранысқа ие. Жәрмеңке Бейжіңдегі ең ірі сауда орталығында 1 ай бойы өтеді. Алдағы уақытта Үрімшіде аймақтың сауда үйін ашу жоспарланып отыр.