Бейжіңде өтетін жәрмеңкеге өңірдің тауар өндірушілері 800 тонна ұн мен балық өнімдерін ұсынатын болады. Жергілікті өнімдер химиялық қоспасыз, табиғи таза.
Сондықтан шетелде сұранысқа ие. Жәрмеңке Бейжіңдегі ең ірі сауда орталығында 1 ай бойы өтеді. Алдағы уақытта Үрімшіде аймақтың сауда үйін ашу жоспарланып отыр.