Оңтүстікте үш бірдей ауылда жаңа пошта бөлімшесі ашылды

457
Оңтүстікте үш бірдей ауылда жаңа пошта бөлімшесі ашылды

Оңтүстікте үш бірдей ауылда жаңа пошта бөлімшесі ашылды

Оңтүстікте үш жаңа пошта бөлімшесі ашылды. Оның бірі Қазығұрт ауданында болса, екеуі Сарыағаш ауданында бой көтерді. Жаңадан ашылған пошта бөлімшесінде енді халыққа қажетті байланыс және төлем қызметі көрсетілетін болады.

Бұл үшін жаңа бөлімше заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен қамтылып, бірыңғай электрондық кезек жүйесі орнатылған. «Қазпошта» АҚ басқармасының төрағасы Бағдат Батырбекұлы жаңа бөлімшенің жұмысымен танысып, халыққа тиімді жағын түсіндірді.

Ал екінші Қазпошта бөлімшесі Қазығұрт ауданына қарасты Өндіріс елдімекенінде ашылды. Бұл мекеменің қызметі жергілікті халық үшін аса қажет еді. Өйткені ауылдағы ағайын байланыс қызметі немесе зейнетақы алу үшін алысқа сабылатын.

Солардың бірі — Төле Ағабек. Бейнеттің зейнетін көріп жатқан қария енді алысқа сабылмай-ақ өз ауылынан қажетті қызметке қол жеткізетін болды.

Айта кетейік, бір жылдың ішінде Оңтүстікте 20 жаңа Қазпошта бөлімшесі ашылған. Олардың басым бөлігі — шалғайдағы ауылдарда. Жауапты басшылар қызметтің сапасын арттыру әрі күту уақытын азайту үшін автоматтандырылған жүйені іске қосып, ғаломторлық байланысты арттырмақ.Осылайша алыстағы ағайынға байланыс қызметі жақындады. Жаңа жылдың енді басталғанын айтқан басшылар әлі де жаңа Қазпошта бөлімшелері ашылады дейді.