Пиротехникадан зардап шеккендер биыл да бар

507
көз дәрігерлері кешке дейін мыңға жуық тұрғынды тексеруден өткізді

Пиротехникадан зардап шеккендер биыл да бар. Оңтүстіктің бір тұрғыны отшашудың кесірінен көзінен айрыла жаздады. Мақтааралдық Өмірхан Бейсеков қазір ауруханада жатыр. Көзінен зақым алған оған дәрігерлер ота жасау қажет деп отыр.

Өмірхан Бейсеков 4 күннен бері ауруханада жатыр. Жаңа жыл түні салют атып, зақым алған науқас оң көзім қазір мүлде көрмей қалды дейді. Ем-дом жасап отырған дәрігерлер оған ота жасау қажет деп тауыпты.

Соңғы 3-4 күн ішінде ауруханаға пиротехниканың кесірінен зақым алған 6 науқас жеткізілген. Дәрігерлер әртүрлі дәрежеде күйік шалған олар сапасыз отшашуларды қолданған деп отыр. Онымен қоса науқастар қауіпсіздік шараларды сақтамаған болып шықты.

Айта кетейік, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында ішкі істер органы өкілдері мен төтеншеліктер бірлесіп, рейд шаралар ұйымдастыруда. Осы уақыт аралығында 35 рет рейдке шыққан бірлескен топ 3 мыңнан астам пиротехникалық затты тәрілепті.

Арнайы рейдтер кезінде 20 әкімшілік іс қозғалған. Күшейтілген қауіпсіздік шаралары 5 ақпанға дейін жалғаспақ.