Шымкентте бөлке нанның бағасы қымбаттамайды. Өйткені ішкі нарықта ұнның қоры жеткілікті. Демек, ас атасы наннан ешқандай тапшылық болмайды деп сендіреді салаға жауаптылар.
Айта кетейік, қазір сауда орындарында бір бөлке нанның бағасы 50 теңге болса, бірінші сұрыпты ұнның 1 келісі 100 теңгеден сатылуда. Бұл баға алдағы 3 айда сақталуы тиіс дейді азық-түлік қорының сақтандыру өкілдері. Қазіргі таңда қорда 2700 тонна ұн бар.