Шымкентте кісі өліміне қатысты күдікті ұсталды

307

Шымкентте 30 жастағы жігіттің арқасынан оқ атқан күдікті ұсталды. Бұл туралы 24.kz агенттігі жазады. Күдікті 1991 жылы туған қала тұрғыны болып шыққан.

Өзгенің өліміне себепкер болған күдікті сол түні оқиға орнынан қашып кеткен еді. «Полицейлер шұғыл іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 25 жастан асқан жігітті ұстап, қамауға алды» дейді Әл Фараби ауданының прокуроры Хали Маматаев.

Қазір күдіктінің қасында болған сыбайластары да іздестірілуде. Еске сала кетсек, кеше қаладағы дәмханалардың бірінен шыққан төбелестің салдарынан 30 жастағы жігіт алған жарақатынан мерт болған еді.