Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасының жобасы талқыланды. «Нұр Отан» партиясы мен жергілікті билік өкілдері бас қосқан жиында бағдарламаны іске асыру тетіктері қаралды. Халықты баспанамен қамту саласына жауаптылар алдымен қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу ұсынысын жолдады.
Жиналғандардың айтуынша, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған жандардың бүгінде үйлі болуы қиынға соғып отыр. Сондықтан үй құрылысымен айналысатын қаржылық ұйымдарға мемлекет дотация беру тиіс. Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде 28 мыңға жуық азамат тұр.