Шымкентте «Самұрық-Қазына» қорынан үй алуға құжат қабылдау басталды

1410
Шымкентте 96 отбасыға пәтер кілті табысталды

Шымкентте 96 отбасыға пәтер кілті табысталдыМемлекеттік бағдарлама арқылы баспаны алудың тағы да мүмкіндігі — Шымкентте «Самұрық-Қазына» қоры арқылы үй алуға құжат қабылдау басталды. Бұл үшін азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, электронды қызмет арқылы кезекке тұра алады.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының» бағыты бойынша баспана алу үшін азаматтар жергілікті атқарушы органдарда арнайы санаттар бойынша кезекте тұруы тиіс.

Олар:

1. ҰОС ардагерлері;
2. Мүгедек баласы бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
3. Зейнеткерлер;
4. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
5. Оралмандар;
6. Экологиялық зілзала, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай салдарынан үйінен айырылған адамдар;
7. Көп балалы отбасылар;
8. Толық емес отбасылар;
9. Мемлекеттік, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Міне, осы тізімдегі азаматтар бағдарлама арқылы баспанаға қол жеткізе алады. Тұрғын үй алу үшін кезекке тұрғыңыз келсе, өзіңіздің жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына барыңыз.

Биыл «Самұрық-Қазына» қорының желісі бойынша Қазақстанда 147 пәтер берілмек. Оның 71-і бір бөлмелі пәтер болса, 38-і — екі бөлмелі пәтер. Енді қаржылай төлеу шартына тоқталсақ. «Самұрық-Қазына» қорындағы бір ерекшелік, пәтерді жалға алу мерзімі әртүрлі.

Мәселен сіз «Самұрық-Қазына» қоры бойынша 1 бөлмелі пәтер алсаңыз, бес жыл бойы ай сайын 118 555 теңгеден төлеуіңіз тиіс. Ал 2 бөлмелі пәтерге ай сайын — 187 586 теңге, үш бөлмелі пәтер үшін 241 327 теңге төлеу керек.

Бес жылға

1 бөлмелі пәтерге ай сайын 118 555 теңгеден;
2 бөлмелі пәтерге ай сайын 187 586 теңгеден;
3 бөлмелі пәтерге ай сайын 241 327 теңгеден.

Жеті жылға
1 бөлмелі пәтерге ай сайын — 92 632 теңге;
2 бөлмелі пәтерге ай сайын — 145 569 теңге;
3 бөлмелі пәтерге ай сайын — 188 561 теңге.

Он жылға

1 бөлмелі пәтерге ай сайын 73 738 теңгеден;
2 бөлмелі пәтерге ай сайын 116 673 теңгеден;
3 бөлмелі пәтерге ай сайын 150 100 теңгеден.

Он бес жылға
1 бөлмелі пәтерге ай сайын — 59 961 теңге;
2 бөлмелі пәтерге ай сайын — 94 875 теңге;
3 бөлмелі пәтерге ай сайын — 122 057 теңге.