Зағиптар қоғамының шығармашылық әлемімен сырласқан кеш. Таяуда Шымкентте жас ақын Ербек Бакиевтің «Өмірге ғашық жандар» атты кітабының тұсаукесері өтті. Ақын бұл жолы өзін жазушылық қырынан танытып, 25 зағип жанның 25 жылда жеткен жеткен жетістігін, шыққан биігін, қоғамдағы орнын көрсетуге тырысыпты. Туынды 250 таралыммен жарыққа шыққан.
Күнделікті өмірде мән бермей, тіпті елемей өтетін тұстар ақын назарынна тыс қалмапты. Бұған дейін зағиптардың мұң-мұқтажын қоғамдық дәрежеде көтеріп жүрген Ермек Бакиев бұл еңбегін де соларға арнаған. Бұл еңбекті бір ерекшелігі, тек ақындығымен танылып жүрген жастың жаңа «Өмірге ғашық жандар» кітабы 25 прозалық шығармадан тұрады.
«Бұл менің жарыққа шыққан екінші кітабым. Бұған дейін өлеңдер жинағы оқырманға жол тартқан. Ал «Өмірге ғашық жандар» атты кітабымда 25 зағип жанның өмір жолы, қоғамдағы олардың атқарған еңбектері баяндалады. Көбісі біле бермейтін олардың жұмысын насихаттағым келді. Әрине, қол ұшын созған жандар көп болды. Мәдениет басқармасы, қоғамдық қор және жұмыспен қамту бөлімі көмеген көрсетті».
Кеш барысын театрдың көркемдік жетекшісі Сая Қасымбеққызы жүргізіп отыр. Кітаптың алғы сөзін де жазған өзі. Жас таланаттың шығармашылығымен етене таныс Сая Қасымбекқызы ақынның жүректен жарып шыққан өлеңдерін оқып берді. Қоғамдағы келеңсіз оқиғаларды көзімен емес, жүрегімен сезе білген жас прозашыдан үйренеріміз көп дейді.
Сая Қасымбекқызы, театрдың көркемдік жетікшісі: «Мен Ербектің еңбегін ерекше бағалаймын. Оны мұз арасын жарып шыққан бәйшешек дер едім. Өйткені ойланам да таң қалам. Олар өмірдегі біз байқай бермейтін дүниелерді көре алмаса да, олар жүрекпен сезеді. Өзі сияқты зағип жандардың жан айқайын айтып, дабыл қағады. Оны қоғамдық дәрежеде көтеріп жүр».
Кеш бойы Ербектің тың туындыларымен сусындаған қауым, оған қолдау білдірген жандар ақ тілектерін жаудырды. Сонымен қатар кітап тұсаукесеріне арнайы келген әріптестері, өзге де мүмкіндігі шектеулі жандар әннен шашу шашты.