Оңтүстіктің салықшылары есеп берді. Бұған қоса кеден және шекарада болған қылмыстар да ұмыт қалған жоқ. Нақты айтқанда, былтыр шекарадан заңсыз өтпек болған 22 өзбекстандық азамат ұсталған. Шетелдіктер елімізде заңсыз саудамен айналыспақ болған дейді жауапты мамандар.
Облыстық кірістер басқармасының өкілі Саят Сауқымбековтың айтуынша, 2016 жылы өндірісте барлығы 764 қылмысты іс болса, оның 476-сы тергеумен аяқталған. Аталған қылмысты істер бойынша 1,2 млрд теңге өндіріліп, құны 1 млрд теңгені құрайтын мүлікке тыйым салыныпты. Департамент мамандары, сондай-ақ, кеденнен есірткі өткізбекші болған қылмысты топты құрықтаған.
Саят Сауқымбеков, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес жөніндегі орынбасары: «Қылмыстық істердің ішінде заңсыз айналымнан 704,8 гр есірткі заты алынған. Оның ішінде 24 фактісі 663 гр марихуана, алтауы салмағы 41,06 гр құрайтын «гашиш» есірткі заты.»
Айта кетейік, есірткіні кеденнен өткізбек болған 29 тұлға ұсталды. Олардың 22-сі Өзбекстан азаматтары болса, қалған жетеуі Қазақстан азаматы. Қазір олардың барлығына қатысты іс қозғалып, тергелуде.
Жалпы, 2016 жылы барлығы өндірісте 764 қылмысты іс болса, оның 476-сы тергеумен аяқталған. Аталған қылмысты істер бойынша 1,2 млрд теңге өндіріліп, құны 1 млрд теңгені құрайтын мүлікке тыйым салыныпты. Департамент мамандары, сондай-ақ, кеденнен есірткі өткізбекші болған қылмысты топты құрықтаған.