«Арай-2017» байқауының ақтық сынына әнші Шахизада арнайы шақырылды

Шымкентте биыл 21-рет ұйымдастырылып отырған «Арай-2017» байқауының ақтық сынына әнші Шахизада арнайы шақырылды. Облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырған брифингте басшылықпен қатар арнайы қонақтар Шәкизада мен Айжан Тәженова, көркемсөз оқу шеберi Гүлбала Әбуова қатысты.

Эстрада әншісі Шәкизада — 11 ақпан күні өтетін ақтық сынның қазылар алқасының құрамында. Әнші өзін тамсандырған жас таланттарды көрсем, шәкірт етіп тәрбиелеуім мүмкін деді.

Естеріңізге салсақ, байқау жас эстарада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілері арасында өтеді. Соңғыларына биыл қосылған талаптардың бірі — үш тілді еркін меңгеру. Сондай-ақ, брифингке ертеңгі сайыс қатысушыларын әзірлеп әкелген тәлімгерлер қатысты. Олардың арасында Айжан Тәженова да бар.

Былтырғы байқауға 293 адам өтініш білдірсе, биыл олардың саны 512-ге өскен. Солардың арасынан ақтық сынға өткендері 24 жас әнші  және 12 мәдени іс-шара жүргізушілері. Жеңімпаздарға қаржылай жүлделер тағайындалып отыр.

 

Айта кетерлігі, 21-жыл қатарынан өткізіліп отырған «Арай» байқауынан Алтынай Жорабаева, Мадина Сәдуақасова, Асқар Жүнісбеков, Шәкизада сынды эстрада әншілері түлеп ұшқан.