Жылыжайларда көшет егу жұмысы басталды. Өскіндерге егілмей тұрып алдымен осылай түрлі қоректер мен дәрумендер беріледі. Шаруалар сосын көшеттерді өңделген жерге ептеп отырғыза бастайды.
Айгүл Құралова осылайша күн сайын бірнеше арыққа көшет отырғызып шығады. Жұмысшы бұл шаруа жылдамдық пен ыждахаттылықты қажет етеді дейді. 5 жылдан бері жылыжайдан нәпақасын ажыратып отырған келіншектің ай сайынғы жалақысы — 40-45 мың теңге.
Серік Ормановтың жылыжай шаруашылығымен айналысып жүргеніне биыл — 3 жыл. Жас та болса тәуекелі мен шығыны көп кәсіпті ол ұршықтай иіріп отыр. Әу баста небәрі 24 соттық жерде басталған шаруашылықтың аумағы бүгінде 2 гектарды алып жатыр. Биыл кәсіпкер қызынақтың голландиялық сұрпын егіп, пайдасын еселей түсуді көздейді.
«Қазығұрт нұры» шаруа қожалығында бүгінде 40-45 адамға дейін жұмыс істейді. Екі гектарға қызанақ көшетін егіп жатқан шаруалар, бұйыртса, 3 айда өнім ала бастайды. Былтыр 1 гектардан 80 тонна көкөніс жинап алған қожалық иесі биыл, бұйырса, өнімдерін шетел асырамыз деп құлшынып отыр.