Ұлыстың ұлы күніне орай Шымкентті абаттандыру жұмыстары аяқталуы тиіс. Наурыз қарсаңында қалада көріктендіру жұмыстары қызу жүруде. Бүгінде Темірлан тасжолы, Желтоқсан көшелерінің бойындағы көп қабатты үйлердің қасбеті жөнделіп жатыр. Әр үйдің әсемделуіне жауапты құрылыс компаниялары тырысып бағудамыз дейді. Олар қала әкімдігімен келісілген эксиздер бойынша жұмыс жасауда.
Темірлан тас жолы бойындағы көп қабатты үйдің қасбетін абаттандыру міндеті «Югстройсервис» компаниясына жүктеліпті. Баспананың көшеге қараған беті дәл осы түске боялатынын, жалпы эскизін қала әкімдігі ұсынған. Ал мына үйдің қасбеті қайта боялатын сыңайлы. Өйткені тым түнеріңкі. Биліктің де көңілінен шықпаған болар. Ал мына №40 үй мәртебелі қонақтар келген сайын әрленетін еді. Биылғы Наурыз мейрамына қапталған беті көпке шыдайды дейді «Тур-ахмет» компаниясының өкілі.
Желтоқсан бойындағы үйлерді абаттандырып жатқан құрылыс компаниясы тұрғындардың өтінішін ескеріп, шатырдың алдыңғы жағындағы темірлерді қырқып тастаған. Бірақ шатыр жаңаланбайды. Өйткені әкімдікпен келісім бойынша кәсіпкерлер өз есебінен тек көп қабатты үйлердің қасбетін көріктендіреді. Мына ескі үйлердің де келбеті өзгереді. Кеңес Одағы кезеңіндегі дизайнға замануи жаңашылдық енгізіледі.
Наурыз — жаңа жыл, жаңару. Сондықтан, құрылысшылар осынау ұлыстың ұлы күніне орай барлық жұмысты аяқтауға тырысамыз дейді.