Несиелендірудің жаңа бағдарламасы

250

Жуырда облыс әкімдігінде биыл диқандарға берілетін несиенің жаңартылған бағдарламасы таныстырылды. Көктемгі егіс жұмыстарына республикалық бюджеттен 60 млрд теңге қаржы қарастырылған.

«Аграрлық несие корпорациясынан» несие алып, несібесін арттырам дегендердің қатары қалың. Оның жылдық мөлшерлемесі 3 пайызды құрап отыр. Былтырғыдан 2 пайызға төмендетілген. Бөлінген қаражат үш бағытта жұмсалмақ.

Ең алдымен — екінші деңгейлі банктердің кепілдігімен «Аграрлық несие корпорациясы-нан» 40 млрд теңге бөлінеді.

Екінші бағыт – фермерлерді екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру.

Үшінші кезеңде – несиелік серіктестер және микроқаржылық ұйымдар арқылы қаржыландыру.

Айжан Кенжебаева, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өңірлік даму департаментінің басқарушы директоры:

– Егер несие екінші деңгейлі банктер арқылы берілсе, қарыз алушы үшін несие мөлшерлемесі 6 пайыздан аспайды. Ал егер қаржыландыру кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы үлестірілсе, несие мөлшерлемесі 8 пайыздан жоғары болмайды.

Дайындаған — Гүлжан ЖҰМАШ