25 наурыз күні дендросаябаққа жиналған прокурорлар ұжымы саябақ аумағын тазартып, ағаш екті. Содан кейін мерекелік дастарқан жайып, жыл басын атап өтті.
Іс-шараның соңы әріптестер арасындағы қол күрес, кір тасын көтеру, арқан тарту секілді ұлттық спорт түрлерінен сайысқа ұласты. Жаңа жыл басын осындай игі шарамен бастаған прокурорлар мұндай іс-шара әр ұйымға үлгі болса екен дейді. Ал бұл жолғы мерекелік шараға облыстық прокуратура және 4 басқарманы қоса алғанда барлығы 150-ден астам заң қызметкері қатысты.