Оңтүстікте жас аспаздар сайысы өтті. Шымкенттегі №6 колледжде ұйымдастырылған Уорлд скиллс әлемдік сайысы қол еңбегін дамытуды көздейді. Қазақстанда үшінші рет өткізіліп отырған сайысқа өңірдегі аудан, қалалардың колледждерінен 13 студент қатысты.
Сайыс талабына сай жас мамандар 4,5 сағаттың ішінде 4 түрлі модуль бойынша тағам пісіріп шығуы керек. Үміткерлерге тапсырылған тағам түрлері жеңіл емес. Олардың арасында канапэ, салқын тіскебасар, көне орыс тағамдары және тәтті десерт болды. Енді осы конкурстың жеңімпазы республикалық байқауға жолдама алады.