Шымкентте дәстүрлі үнді көрмесі ашылды. Мұнда тоқыма бұйымның сан түрі, талғамыңызға қарай сәнді орамалдар, замануи үлгідегі сырт киім, үнді шәйі мен балдың кең таңдауы бар. Ендеше, Наурыз мерекесіне орай жақындарыңызға сыйлық алмақ болсаңыз, Темірлан тасжолы бойындағы Әл Фараби сауда кешеніне келіңіз.
Әсем ән, би мен көтеріңкі көңіл-күй осында. Және ең маңыздысы, өзіңізді қуантатын бұйымдарды сатып алуға болады. Мұнда таңдау мол. Көктемнің шуақты күндеріндей түрлі-түсті өнімдер көздің жауын алады. Жәрмеңкеге келушілердің бірі — Жауһар Байтөреева сәнді орамалдарға қызығушылық танытуда. Мереке қарсаңында өзіне сыйлық жасамақ.
Ал күмістен жасалған әшекейлердің қасынан жай өтіп кету оңай емес. Түрлі таспен көмкерілген жүзік, сырға, білезік пен алқалардың дизайны сәнқойлардың көңілінен шығатынына сатушылар күмінденбейді. Өйткені үнді шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар сапалы және әдемі. Әйелдер қауымына мұнда күтімге арналған заттардың кең таңдауы ұсынылған.
Айтқандай, үнді жәрмеңкесін үнді шәйінсіз елестету мүмкін емес. Мына қаз-қатар тізіліп тұрған құтыдағы өнімдерге сұраныс үнемі жоғары. Тіл үйірер балдан да дәм татуды ұмытпаңыз. Ұйымдастырушылар жәрмеңкеге келген әрбір тұтынушы өзінің талғамына сай зат міндетті түрде сатып алатынына сенімді.
Надим Ансари, көрмені ұйымдастырушы: «Үнді жәрмеңкесі Шымкентте дәстүрлі өтіп тұрады. Бұл жолы біз Наурыз мейрамына шымкенттіктер мен қала қонақтарына өзіміздің өнімдерімізді алып келдік. Мұндағы заттардың барлығы сапалы.»
Үнді жәрмеңкесінде көктемге жеңіл күртешелерднен бастап қыс мезгіліне арналған ішік тондарына дейін таңдау бар. Егер де жазғы киімдерді сатып алуға ниет білдірсеңіз, ол да мүмкін. Мұнда жиделер, көйлектердің сан алуан түрі ұсынылған. Келіңізз, өз таңдауыңызды жасаңыз. Үнді тауарларының жәрмеңкесі Темірлан тас жолы бойындағы Әл Фараби кешені ғимаратанының төртінші қабатында өтуде.