Шымкентте Наурыз мерекесіне орай ірі жәрмеңке өтеді

305
Шымкентте арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі өтті

18 наурызда Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай Қажымұқан стадионы аумағында жыл сайынғы дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Ұйымдастырушы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне жүгінсек, жәрмеңкеге өңіріміздегі аудандардан шаруа қожалықтары қатысады. Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жалпы құны 97 млн теңгені құрайтын 160 тонна өнімді сатылымға шығарады деп күтілуде.

Бүгін аудандардан жеткен шаруалардың жәрмеңкеде жайғасатын орындары белгіленіп, орналасуда. Отырар ауданы, Қазығұрт, Мақтаарал, Шардара аудандарының еңбеккерлері сызбаға сәйкес жайғасады. Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және халықты экологиялық таза өніммен қамту мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңке шымкенттіктер мен қонақтардың көңілінен шығады дейді жауаптылар.