Шымкентте жылу 1 сәуірде өшіріледі

203

Шымкентке нағыз көктем енді келді. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың шешіміне сай 31 наурыз түні сағат 24:00-ден бастап қаладағы орталық қазандықтан жылу алатын көп қабатты үйлерге жылу беру тоқтатылады. Сала мамандарының айтуынша, Шымкент қаласында №3 жылу-энерго орталығына қосылған 1780 үй бар. Айта кетейік, биыл ауа райының салқын болуына байланысты жылыту маусымы өткен жылдағыдан кештеу аяқталды.

Нұрлан Жаңабай