Көктем келгенде көптеген отбасының есік алды бау-бақшасында қызу жұмыстар басталады. Бау-бақшаның қысқы ұйқыдан оянуына көмек беретін 4 тәсілді оқырман назарына ұсынамыз.
1. Өсімдіктерді қоректендіріңіз
Тыңайтқыштардың басым көпшілігі анағұрлым маңызды қоректендіргіш заттар: азот, фосфор мен калийден тұрады. Азоттың қоспасы өсімдіктің жасыл массасының өсуіне ықпал етеді, фосфор тамыр жүйесінің жақсы өсуіне және жас бұталардың пайда болуына жауап береді, калий гүлдер мен жемістерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
2. Арам шөпті отау
Көктемнің басы – учаскелердегі арам шөпті отайтын ең негізгі уақыт. Бұл кезде көпжылдық мәдени дақылдар әлі бой салып өсе қоймайды, бірақ қыстан кейін әлі күш ала қоймаса да, арам шөптер жақсы көрінеді. Шағын жер телімдеріндегі арам шөпті тамырымен қосып, қолмен отаған дұрыс. Себебі арам шөптердің басым көпшілігі тамырының кішкентей ғана басынан да қайта көктеп шығуға қабілетті.
3. Топырақты жабындау
Жабынның қалың қабаты топырақтың температурасын реттейді, булануды болдырмай, ылғалды сақтайды, сондай-ақ арам шөптің өсуіне кедергі болады. Ұнтақталған ағаш қабығы мен сабан, шіріген жапырақ пен қорда көп қолданылады. Әдетте қалыңдығы 10 см қабат та жетеді. Егер жабындау кезінде сіз қиды қолданатын балсаңыз, оның әбден шірігеніне көз жеткізіңіз, әйтпесе қышқылдану процесі өсімдікке зиян келтіреді.
4. Бұталарды кесіңіз
Көктемде барлық бұталарды бірдей кесудің қажеті жоқ, алайда раушан гүлін, сантолинаны, перовскийлерді және жусанды жақсы өсіп, гүлдеуі үшін кесу қажет. Буддлея, гортензия, чубушник, қарақат, бөріжидек және тошала сияқты бұталардың да үсік шалған, ауруға шалдыққан және кеуіп қалған бұталарын кесу қажет.