Германиялық дәрігерлер Шымкентте буын алмастыру отасын жасады

545
Шымкенттің кардиохиругттары жүрекке бір сәтте екі ота жасады

Германиядан келген травматологтар Шымкентте буын алмастыру отасын жасады. Күрделі операцияны шетелдік мамандар облыстық клиникалық аурухана дәрігерлермен бірге жасаған. Берлин қаласынан келген хиругтар аурухана базасында ота жасап қана қоймай, буыны зақымданған өзге де азаматтарды қабылдады.

Сарыағаш ауданынан келген 51 жастағы азаматшаға дәрігерлер ревматологиялық полиартрит диагнозын қойған. Дерттің салдарынан азаматша өз бетімімен жүре алмай, балдаққа сүйеніп қалды. Күн санап жағдайы нашарлаған науқасқа өңірдің травматологтары шұғыл түрде буын алмастыру отасын жасады. Операцияның сәтті өткенін хабарлаған дәрігерлер азаматшаның жақын арада балдақсыз жүретінін жеткізді.

Бұл операцияны облыстық клиникалық аурухана базасында Германиядан келген травматологтар өңірдің мамандарымен бірлесіп жасаған. Ота кезінде дәрігерлер науқас азаматшаның тізе буынындағы жарамсыз шеміршектерін тазалап, орнына жасанды буын қойып берді. Бұл — Германиялық дәрігерлердің өңірімізге алғашқы іс-сапары емес. Мамандар мұның алдында аурухана базасында буын алмастыру отасын жасаған болатын. Нәтижесінде күнгейлік травматологтар буыны зақымданып, жүруден қалған науқас азаматтарға күрделі отаны өздері жасайтын болды.

Әбдіғани Құдайбергенов, ортопедия бөлімінің меңгерушісі: «Жасанды буынды алмастыру отасы үшін кәдімгідей жасанды буын қоямыз. Жарақат ауыр болмаса. Егер буын тоқсан градустан асып кетсе, арнайы жасанды буын қоямыз. Бұл аурудың күтіміне екі-үш ай қажет. Отадан кейін науқас балдақпен жүреді. Екі-үш айдан кейін балдақты тастап, аяқпен жүруі мүмкін. Бірақ, өзіне көп салмақ түспеуі керек. Біз өзімізде мұндай операцияны жасай береміз.»

Айта кетейік, буын алмастыру отасын жасау үшін жаңа технологиялар қолданылады. Бұған облыстық клиникалық ауруханада барлық мүмкіндік бар. Мамандар заманауи әдіспен сапалы отаны жасу үшін осылайша жиі шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасып тұрады.