Көктемгі дала жұмыстарына қаржы берілуде

Көктемгі жер жырту науқанынан көрініс

«Отырар» медиахолдингіндегі «Жаңа күн» сазды-ақпарат бағдарламасының «Бізде қонақта» бағдарламасының кезекті қонағы — «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы басқармасы төрағасының орынбасары Мамыров Дәулетқожа Қуанышбекұлы.

Көктемгі дала жұмыстарына қаржы берілуде

— Біз — кәсіпкерге жеңілдетілген несие берумен айналысатын компаниямыз. Несие беретін еншілес «Ырыс» атты шағын қаржы ұйымымыз бар. 2017 жылдан бастап компания атауын өзгертті. Бұрын «Максимум» едік, енді «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы деп аталамыз. Жаңа ғимаратқа да көштік. Көшудің ең басты себебі, бұрынғы отырған жеріміз кәсіпкерлер үшін ыңғайсыз болатын. Әсіресе, келіп-кетуіне.

Заманауи қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жаңа ғимаратқа көштік. Компанияның атауының өзгертуінің басты себебі, қазір облыс деңгейінде бүкіл компанияларда «Оңтүстік «имиджді қалыптастырылуда. Сол үшін біздің компания да атауын өзгертіп отыр. Бірақ компания атауының өзгеруі жұмысына ешқандай әсерін тигізген жоқ. Сол баяғы бізден несие алған адамдармен жасалған келісім-шарттар ары қарай да жалғаса береді.

— Біздің екі компания 2009 жылдан бері ауыл шаруашылығының дамуына зор септігін тигізіп келеді. Қазір кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндіктер қарастырылған. Жеңілдетілген несие ғана емес, өзінің ауылдағы мүлкін де кепілге қоя алады. Бүгінгі таңға дейін 15 мыңға дейінгі адам бізден несие алыпты.

— Осы уақытқа дейін біз тек ауыл шаруашылығын, оның ішінде мал шаруашылығы, егін егу, балық және құс шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысу салаларын ғана несиелендіріп келдік. Олар әліде жалғасады. Енді бір қуанышты жоспарымызбен бөліскім келіп отыр. Өндірістің басқа да түрлерін қаржыландыруды қолға алмақпыз. Себебі қазір ауыл шаруашылығын қаржыландыру мәселесі толығымен қолға алынған.

Енді «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы тоқыма, тамақ өнеркәсібі секілді басқа да халық тұтынатын өнімдерді өндіретін орындарды қаржыландыруды көздеп отыр. Тағы бір айта кетерлігі, кәсіпкерлерге көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру бізде белсенді түрде іске асып жатыр. 8 пайызбен жылдың соңына дейін беріледі. Келіңіздер. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар.