Наурыз айында Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов еліміздегі құзырлы орган өкілдеріне арналған өзгерістер бағдарламасын ұсынған болатын. Аталмыш бағдарламаны облыс прокуроры қызметкерлерің аналары мен жұбайларына таныстырды.
«Халыққа арналған прокуратура» деп аталатын жаңа бағдарлама 10 пункттен тұрады. Оның ішінде отбасына баса назар аударылған. Сондай-ақ, сыйлықтарға, мерекелерге жұмсалатын бос шығындарды қысқарту, прокурорлардың жұмыс тәртібін жеңілдету секілді маңызды өзгерістерді қамтиды. Ал бұл жолғы қабылдауда болған әйелдер қауымы аталып өткен өзгерістерді бір ауыздан құптап отыр.
Ибраһим Иманов прокурордың кез келген әрекеті мемлекет атынан жасалатынан атап өтіп, заң қызметкерлері үшін отбасылық қолдаудың маңыздылығын алға тартты. Сондай-ақ, заң саласындағы кез келген өзгеріс әр қызметкердің өзгеруінен басталатынын тілге тиек етті. Бұл ретте отбасы маңызды рөл ойнайды. Заң қызметкерлері де, жиналған қауым да мұны жақсы түйсінеді. Және жаңа бағдарлама бойынша алда қызметке жаңа қарқынмен кірісуге дайын.