Оңтүстікте үшем дүниеге келді. Жас ана сәбилерін Шымкенттегі №2 перзентханада 30 наурыз күні босанып, аяқ-қолын аман-есен бауырына алған. Қазір үшемдер мен ананың жағдайы жақсы.
Бүгін аурухана ұжымы ана мен сәбилерін шығарып салды. Ал көп балалы атанған отбасы үшемдерді қуанышпен қарсы алды.
Бірден көп балалы әке атанған отағасы аздап толқып та тұр. Енді Есенғалиевтер отбасында Құдай берген алты бала бар. Айта кету керек, бұл отбасы әзірге жалдамалы баспанада тұрады.
Ал бұл кезде үшемнің анасы Жансұлу сәбилерін жұбатуда. Қазір барлығы үйлеріне қайтады. Бегім мен Сырым өз төсектерінде тыныш жаста, екі ағасына еркелегені болар, Сезімнің мазасы қашқан. Ал жас босанған келіншек қуанышын жасыра алар емес.
Міне, отбасы да қайта қауышты. Дүние есігін енді ашқан шақалақтарды отбасының үлкендері күтіп алды. Содан кейін отағасы алдын ала дайындаған лимузинге отырып, барлығы да үйлеріне бет алды. Бегім, Сырым мен Сезімнің алдағы өміріне сәттілік тілеп, біз қалдық.