Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Дублер күні» өтті

632
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында "Дублер күні" өтті

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры және басшылары бір күнге ХҚКО инспекторлары болды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының барлық басшы құрамы «Дублер күніне» қатысты. Осылайша департамент директоры Еркебұлан Әлсейітов бірнеше сағатқа ХҚКО кеңесшісіне айналса, орынбасарлары дайын құжат беру секторында тұтынушыларға қызмет көрсетті және өзіне-өзі қызмет көрсету секторында электронды анықтамаларды қалай алу керегін үйретті.

Әлсейітовтың айтуынша, «Дублер күні» бүкіл Қазақстан бойынша ХҚКО бөлімдерінде, әлеуметтік төлемдердің есеп айырысу орталықтарында және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттерінде жүргізілуде.

— Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына бір жыл және біз бұл күнді өзіміздің қызметкерлерімізбен бірге алдыңғы қатарда өткізуді шештік. Бүгін барлық директорлар мен олардың орынбасарлары бірнеше сағатқа өздерінің лауазымдық міндеттерін ауыстырып, «алаңға» жұмысқа шықты. Бұл бізге халықтан кері байланыс алуға және клиенттердің артықшылықтарын көбірек білуге мүмкіндік береді, — дейді Абылайхан Оспанов.

Мемлекеттік корпорация 4 мекемеден құрылғанын атап өту қажет. Оның құрамына халыққа қызмет көрсету орталығы, зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық, жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы кірген, ол мемлекеттік корпорацияның тек фронт-офистерінің жұмысын ғана емес, оның бэк-офистерінің жұмыстарын зерттеуге, соның ішінде зейнетақы, декреттік төлем, жер учаскілерінің өлшеулерін, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және т.б. жүргізуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік корпорацияның 546 мемлекеттік қызметті көрсететін 349 фронт-офисі жұмыс жасайды. Өзінің бір жыл жұмысы ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 37 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.