Кәсіпкерлер Қаратау ауданының көшелеріне тас төсеп береді

827

Шымкенттегі Қаратау ауданындағы топырақ жолдардың саны азаяды. Бүгін аудан әкімдігі мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында меморандумға қол қойылды. Келісімнің нәтижесінде 10 кәсіпкер осы ауданға қарасты елдімекен көшелеріне шағал тас төсеп беретін болады.

Бизнестің әлеуметтік-жауапкершілігі шеңберінде атқарылатын тірлікке алғаш болып «Наурыз 25» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Жұмағали Исақов үлес қосты. Кәсіпкер Шапырашты елдімекеніндегі көшелерге шағал тас төсеуге кірісіп те кеткен. Бұдан бөлек осы елдімекеннің 8 азаматына жұмыс беруге уәде етті.

Жалпы, Қаратау ауданындағы көшелердің 40 пайызы әлі топырақ жол. Бюджеттен бөлінген 50 млн теңге жерлестеріміздің толық сұранысын қанағаттандыра алмайды. Сол себепті аудан әкімдігінің өклідері биыл үшінші жыл кәсіпкерлермен осындай меморандум жасауды қолға алыпты.

Бүгінгі меморандумға қол қоюға қатысқан 10 кәсіпкердің әрқайсысы екі көшеге шағал тас төсеуге уәделерін беріп тарқасты. Бұл да болса үлкен көмек дейді сала мамандары.

Нұрлан Күдерұлы