Кез келген адамды салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын дәрігерлердің өздері де спортты ойындарға қатысып, өзара ептілерін анықтады. Екі күнге созылған спартакиадаға аудан-ауылдардағы емхана мен аурухана қызметкерлерінен құралған 58 команда қатысты. Олар волейбол, футбол, теннис, шахмат және арқан тарту мен жеңіл атлетика сынды спорт түрлерінен бақ сынады.
Медициналық көмек көрсететін дәрігерлер бұл күні ақ халаттарын спорттық киімге ауыстырды. Жылда ұйымдастырылған спартакиада биыл «Сау болған – өте жақсы» деген ұранымен өткізілді. Алаңға жиналған қатысушылар облыстағы 58 емдеу мекемесінен келген. Жарысты дәрігерлер волейбол ойынынан бастады.
Екі күнге жоспарланған додада медицина қызметкерлері спорттың волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, шахмат, жеңіл атлетика түрлерінен бақ сынады. Жарыстың екінші күнінде ойынның көрігін қыздарған командалар бір-біріне жеңісті оңай бергісі келмеді.
Осылайша олар салауатты өмір салтын насихаттайтын шарада белсенділік танытып, өзара мықтыларын анықтады. Сайыстың нәтижесі бойынша Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасы жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.
Спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Созақ аудандық медицина қызметкерлері екінші орынға ие болды. Ал Төлеби аудандық емхана қызметкерлері жүлделі үшінші орынға тұрақтады.