Ордабасы ауданындағы көпірді жөндеу мамыр айының соңында аяқталады

457
Ордабасы ауданындағы көпірді жөндеу мамыр айының соңында аяқталады

Арыс өзеніндегі тірегін көктемгі тасыған су шайған көпір мамыр айының соңында жөнделіп бітуі тиіс. Қазір Түркістан бағытындағы қозғалыс Темірлан ауылы арқылы жүргізілуде. Осылай деген Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков ауыл ағайындарына алаңдауға негіз жоқ дейді. Ауданда шегірткепен күрес шаралар қолға алынған, зиянкестер тарайды деген егістік пен жайылым жер анықталған. Аудандағы тағы бір өзекті мәселенің бірі — қашыртқылар, каналдар. Әкім бұл жұмыстар да бақылауда дейді.

Марокко шегірткесінен төніп тұрған қауіптің алдын алу мақсатында Ордабасы ауданы әкімдігі тиісті мекемелермен бірге жұмыс атқаруда. Бүгінде зиянкестер таралады-ау деген егістік пен жайылым жерлер анықталып дәрілеу шаралары да қолға алынған.

Алмасбек Мамытбеков, Ордабасы ауданының әкімі: «2008 гектардың 160 гектары зерттелді. 20 гектары — қауіпті аймақ.»

Дәрілеу жұмыстарынан кейін толассыз жауын жауғанын ескерсек, бұл ауқымды жұмыстың нәтижелі болатынына күмән бар. Қазіргі таңда 47 жарым мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Аудан бойынша 452 гектар жерде қарқынды бау өсуде. 4 мыңнан астам гектар тамшылатып суарылады. Ал шаруалар былтыр кеш қолға алынған дәрілеудің пайдасы шамалы болғанын ұмыта қойған жоқ.

Игерілмеген жерлерді түгендеп, оны қолданысқа енгізуге де аудан әкімдігі тарапынан аса көңіл бөлінуде. Әсіресе қашыртқылар мен каналдарды жөндеу және қажетті су қоймасын салуда жсопарлы жұмыстар жүзеге асуда.

Тағы бір өзекті мәселелердің бірі — Қажымұқан ауылындағы көпірді бекіту шаралары қайта қолға алынып, салдарынан Батыс Европа — Батыс Қытай халықаралық жолдың бұл бөлігі жабылғаны, Түркістан бағытындағы көлік қозғалысының Темірлан ауылына өткені аудан халқына ғана емес, көрші аудандарға да кері әсерін тигізуде. Ал аудан әкімі тірегін су шайған көпірді жөндеу мамыр айының соңында аяқталады деп мәлімдеді.