Ресейдің дәрігерлері қатерлі ісікке шалдыққан науқасқа жасанды қуық қойып берді

674

Ресейдің дәрігерлері қуық асты безінің қатерлі ісігіне шалдыққан науқасқа жасанды қуық қойып берді. Мәскеуден келген урологтар өңірге арнайы іс-сапармен келіп, обыр ауруына шалдыққан науқасқа күрделі ота жасады. Шетелдік мамандар жергілікті дәрігерлерге операция жасаудың заманауи әдісін үйретіп, шеберлік сабағын өткізді

 

Ресейдің урологы Кирилл Нюшко ота жасаудың алдында науқасты тексеруде. Алпысты алқымдаған азаматқа дәрігерлер қуық асты безінің қатерлі ісігі диагнозын қойған. Аурудың салдарынан ер кісінің кіші дәреті қанмен араласып, несеп жолында ауырсынулар пайда болыпты. Сондықтан Әбдімәлік ағайға дәрігерлер ота жасауға бел байлап отыр.

Әбдімәлік Қарабаев: «2007 жылы анықтап осы жерде ота жасаттым. Қуық асты безінің ауры бойынша осы жерге түстім. Қазір осы оперцияға дайындап жатыр. Дәрігерлерге өмірімді сеніп тапсырып, операцияға жасауға келісім бердім.»

Өз өмірін дәрігерлерге сеніп тапсырған Әбдімәлік ағайға дәрігерлер келесі күні ота жасады. Операция Ресейдің хирургы Кирилл Нюшконың жетекшілігімен өтуде. Көмекші ретінде шетелдік маманның қасында өңірдің екі хирургы болды. Ота кезінде қатерлі ісікті жою үшін хирургтар қуықты толығымен алып тастады. Кейін орнына пластикалық жолмен жасанды қуық қойып берді. Бес сағатқа созылған операцияны мамандар сәтті жасап шықты. Дегенмен, мәскеулік дәрігер хирургиялық ем кезінде кедергілер кездескенін жасырмады.

Кирилл Нюшко, Мәскеу ғылыми-зерттеу онкологиялық институтының аға қызметкері: «Операция жасаған науқас мұның алдында екі рет сәулелі терапия қабылдаған. Бұл ота жасауға кедергі келтірді. Сондықтан, біз жоспардан тыс екінші бағыт бойынша ота жасадық. Ең бастысы — еңбегіміз зая кетпеді. Жоспарлаған нәтижемізге қол жеткіздік. Күрделі отаны ойдағыдай жасап шықтық деп айта аламын.»

Айта кетейік, соңғы 5 айда 60-тан астам ер кісі қуық асты безінің қатерлі ісігімен тіркеуге алынған. Олардың басым бөлігінде диагноз анықталыпты. Бұл дегеніміз — науқастың өмір сүру уақыты қысқаратынын көрсетеді. Сондықтан, мамандар қазір обыр ауруының бұл түрін ерте анықтау мақсатында скриниг тексерулерін қол алды. Яғни, ауруды ерте сатысында анықтап, науқастың өмірін ұзартпақ. Тіпті дер кезінде жасалған отаның нәтижесінде қуық асты безінен толық айығып кетуге болады дейді дәрігерлер.

Нұржан Нұрғалиев, Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты онкоурология орталығының басшысы: «Ота уақытылы жасалса, ауруынан толық айығып кетуге болады. Екіншіден, жаңа қуық салынатын болса, несеп жолындағы қиындықтар артта қалады. Қазір біз осындай ота жасаудың санын арттырмақпыз. Бұл үшін шетелден көп тәжірбие алудамыз. Бізде, Қазақстанда жылда 100-ге жуық осындай ота жасалады.»

Осылайша отандық дәрігерлер қатерлі дертті емдеуде шет елдік әріптестерден үйренеріміз көп дейді. Бұл бір жағынан біліктілікті арттырса, екінші жағынан қауіпті ауруларды емдеузе септігін тигізеді