«Өнерім – көңіл-шуағым»: Шымкентте зағип жандардың фестивалі өтті

761

«Өнерім – көңіл-шуағым.» Шымкентте көзі көрмейтін және әлсіз көретін жандардың фестивалі өтті. Өңірімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келген іс-шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандар жиналған жұршылыққа өз өнерлерін ұсынды.

Байқауға қатысушылар эстрада жанрындағы және дәстүрлі ән орындау мен Мұхтар Шахановтың өлеңін оқу бойынша үш номинацияда сынға түсті. Сахнада оқылған өлең мен орындалған ән арқылы зағип жандар өздерінің жан дүниесін жарық дүниеге жеткізуге тырысты.

Тұрар Тұрмысов: «Арманым – ән айтып, сахнаға шығу. Ел ағалары секілді биік мәртебелерге жету.»

Үш кезеңнен тұратын байқаудың басты мақсаты – зағип жандардың өнерін өрістетіп, оларға жағдай жасау. Сайыста қаламыздың бес үміткері жанды дауыста ән орындап, іріктеу кезеңінен өтті. Осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отырған фестивальге облыстың 14 ауданынан келген жарым жандар өнерлерін көрсетеді.

Бұл жолғы іріктеу облыстық арнайы кітапхананда болып өтті. Ал ауданаралық байқау 7 шілдеге дейін жалғасады. Оңтүстік өңірінің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған фестиваль қорытындысы халықараралық зағиптар күніне орай, яғни 13 қараша күні жарияланады. Сол күні жеңімпаздарға демеушілердің қолдауымен бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары үлестіріледі.

Гүлжан Байназарова