«Изуми» сауда желісі тұтынушыларына жаңа топтаманы таныстырды

338

«Изуми» сауда желісі маусымға сай киімдердің жаңа топтамасын таныстырды. Жағымды жаңалықты естіген көпшілік қазір қатардан қалыс қалмай, базарлық жасауға дүкенге кетті.

«Отырар» телеарнасындағы сәнге аса мән беретін әріптесіміздің бірі — Шуддин Саидов. Әдеттегідей маманның кеңесінен бұрын, өзінің талғам-таңдауымен киімдердің бағасын анықтауға көшті. «Carducci» және «Simoni» сауда белігісінің өнімдеріне қызығушылық танытқан ол бағасын көргенде алғашында абдырап та қалды. Киімдердің құны қалтасы көтеретініне қуанды.

Мамандар алдымен сәнді киімдердің кейіпкеріміздің түр-тұлғасына үйлесуіне назар аударып, қамданды. «Изумидің» кәсіби сәнгерлері ә-дегеннен-ақ, әріптесіміздің үдесіндегі үлгіні таңдап берді. Сәтті таңдау мен сапалы өнімге жай қарап емес, енді киіп көргендер дүкеннің қоғамдағы экономикалық қиындықтар кезінде де тұтынушылары үшін киімнің бағасын өзгеріссіз қалдыратынынан куәгер.

Узун Осман, дизайнер: «Бұл маусымда адамның бет-жүзі айшықталып көрінуі үшін тек ашық түсті киімдер сәнде. Біздің дүкенде ашық және қанық түсті киімдер жетерлік. Мәселен, «Carducci» — жастар үшін, ал «Simoni»  сауда белгісі егде жастағы жандарға арналған».

Огуз Угур Вейсел: «Изуми» сауда желісі 16 жылдан бері тек тұтынушылардың талғамын ескеріп, соңғы сәннің үлгісін таныстырудан жалықпай келеміз. Дүкеннің тағы бір ерекшелігі — жаздыгүні жаз маусымынан бөлек, көктем, күз бен қыстың күндеріне арналған арнайы топтаманы да ұсынамыз. Жуырда 2018 жылға шақталып дайындалған өнімдер келетінін хабарлаймыз».

Соңғы сәнмен қанттай қалыппен жасақталып, сапалы киімді үстіне ілген жігіт кассаға да жақындады. Бір қызығы сол — футболка мен шалбар, аяқ киімді қоса есептегендегі баға 30 мың теңгеге жуық болды.

Егер сіз ерлердің брендік сауда белгісіндегі сапалы, сәнді киімдерін іздесеңіз, «Изуми» сауда желісіне бұрылуды ұмытпаңыз! Қазір дүкенде тұтынушылары үшін арнайы жеңілдіктер жасалып жатыр. Ал «Изуми» сауда желісі қаламыздағы А.Асқаров көшесі мен «Нұрсәт» шағынауданында орналасқан.