Ел аумағында рухани қазына — кітаптың жанашырлары анықталды. Биыл ҚР Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасы және Қазақстан баспагерлері мен кітаптаратушылар қауымдастығы, Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан полиграфистер қауымдастығы мен Қазақстан кітапханалар Қауымдастығы кітап-қазынаның мәртебесін арттыру мақсатында елеулі еңбек еткен қазақстандық және шетелдік мәдениет және қоғам қайраткерлерін марапаттады. Құрметке бөленгендер қатарынан «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, белгілі қаламгер, журналист Күлия Айдарбекова да көрінді.
Қазақстан Республикасының Баспасөзі күні қарсаңында – журналистердің төл мерекесіне орай өткізілген биенналеде Күлия Смайылханқызына құрметпен «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалі тағылды.